О внесении изменения в постановление акимата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 24 ноября 2017 года № 445 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области от 24 ноября 2017 года № 445 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 445 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң кейбiр мәселелерi туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 29.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2026 133702_832822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SH005502
- ЭКБ идентификаторы
- 133702
- Редакция идентификаторы
- 133702_832822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 03:57
0 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 445 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң кейбiр мәселелерi туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 14.05.2026 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің.«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 24 қарашадағы № 445 (2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы _____
№ __ қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 445 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарастырады.
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарастыруға «Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментiнің Қызылжар ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Қызылжар ауданының ПБ) енгiзедi.