Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 476 «Об утверждении Правил ношения военной формы одежды и знаков различия Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, а также других знаков»

Бұйрық · № 627 · қабылданған 29.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2017-no-476-ekb-210903/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 476 «Об утверждении Правил ношения военной формы одежды и знаков различия Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, а также других знаков» Қолданыста Бұйрық ·№ 627 ·29.05.2025
29.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 476 «Об утверждении Правил ношения военной формы одежды и знаков различия Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, а также других знаков»

Қолданыста Бұйрық ·№ 627 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 476 «Об утверждении Правил ношения военной формы одежды и знаков различия Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан, а также других знаков»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
627
Қабылданған күні
29.05.2025
Қолданысқа енгізілген күні
19.05.2025
Көрсетілген редакция
29.05.2025 210903_760658.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25B0000627
ЭКБ идентификаторы
210903
Редакция идентификаторы
210903_760658
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:09

0

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15803 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер далалық киім нысанын жауынгерлік даярлық бойынша сабақта немесе жиында, сондай-ақ дағдарысты жағдайдағы жиында киіп жүреді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық 2025 жылғы 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы