О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 483 «Об утверждении Правил подготовки в военной интернатуре и перечня специальностей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 483 «Об утверждении Правил подготовки в военной интернатуре и перечня специальностей»
- Атауы (қаз.)
- «Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 554
- Қабылданған күні
- 20.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2021 158170_536261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024125
- ЭКБ идентификаторы
- 158170
- Редакция идентификаторы
- 158170_536261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:06
0 «Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери интернатурадағы дайындық қағидаларында және мамандықтар тізбесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери интерндерді даярлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген Медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17534 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 529қбп бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының қызмет қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15866 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Оқуға қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери оқу орнының бастығы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен оқуға қабылдау жылының 1 шілдесіне дейін бекітілетін қабылдау комиссиясының құрамына қосу үшін кандидатураларды ұсынады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. ЖӘОО бастығы жыл сайын әскери интерндерді мамандықтары бойынша даярлау жоспарын, әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша ағымдағы жылғы 15 маусымнан кеш емес мерзімде бекітеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі