Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесений изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 483 «Об утверждении Правил подготовки специалистов военной медицины Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Бұйрық · № 999 · қабылданған 01.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2017-no-483-ekb-229695/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесений изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 483 «Об утверждении Правил подготовки специалистов военной медицины Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшіне енбеген 01.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесений изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 483 «Об утверждении Правил подготовки специалистов военной медицины Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Күшіне енбеген Бұйрық № 999 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесений изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 483 «Об утверждении Правил подготовки специалистов военной медицины Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
999
Қабылданған күні
01.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
19.09.2026
Көрсетілген редакция
01.09.2026 229695_840572.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039797
ЭКБ идентификаторы
229695
Редакция идентификаторы
229695_840572
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:35
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 19.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы

№ 483 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 483 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15753болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери медицина мамандарын даярлауқағидаларында:
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери резидент-дәрігер – медициналық ұйым тәлімгерінің жетекшілік етуімен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде оқитын әскери қызметші;»;
2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) тәлімгер – медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар мен жас мамандарды кәсіптік құзыреттерді, практикалық дағдыларды меңгеру және кәсіптік бейімделу процесінде сүйемелдеу үшін денсаулық сақтау ұйымының, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үш тұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медицина немесе фармацевтика қызметкері.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын, жоғары медициналық білім беру бағдарламасын аяқтаған курсанттар әскери интернатураға қабылданады және әскери интерн лауазымына тағайындалады, онымен әскери институт бастығы әскери интернатурада оқу мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін он жылға әскери қызметке жаңа келісімшарт жасасады.».

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі