Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области»

Қаулы · № 188 · қабылданған 10.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2017-no-52-ekb-145490/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 188 ·10.08.2020
10.08.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 188 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
188
Қабылданған күні
10.08.2020
Көрсетілген редакция
10.08.2020 145490_476050.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20Z0006339
ЭКБ идентификаторы
145490
Редакция идентификаторы
145490_476050
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:16

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4713 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 18 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орал қаласы, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Теректі, Тасқала және Шыңғырлау аудандарының әкімдері:»;
көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Р.Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.А. Алпысбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясының басшысы
____________Ғ.Азидуллин
«__» ___________2020 жыл

5 Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

2020 жылғы __ ____________ № __
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
2017 жылғы 24 ақпандағы №52
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісі, оның учаскелері
Орналасқан жері (елді мекен)
Шекарасының ұзындығы (км)
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ауданы (га)
Ені (м)
Ауданы (га)
Ені (м)
«Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Шалқар көлі
Теректі ауданының Сарыөмір ауылы
57
5844
500
2990
50-50
«Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Жайық өзені
Мемлекеттік шекарадан Атырау облысының шекарасына дейін
872,74
36819,997
500-2000
6154,3767
35-55
Шаған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Шаған өзені
Мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін
91,05
8502,53
500-600
1202,51
35-100
Деркөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Деркөл өзені
Тасқала ауданы Вавилин ауылынан өзеннің сағасына дейін
206,131
18526,77
500-550
2303,76
35
Үлкен Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Үлкен Өзен өзені
Мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін
273,8
30365,497
500-600
7373,6212
35-42
Айдархан су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Айдархан су қоймасы
Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені
22,921
3060,6036
500
1926,9386
35
Сарышығанақ су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Сарышығанақ су қоймасы
Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені
16,739
2875,20
500
1998,5042
35
Кіші Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Кіші Өзен өзені
Мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін
407,3
40008,02
500-600
7978,4837
35-100
Утва өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Утва өзені
Шыңғырлау және Бөрлі аудандары
312
33745,048
500
4330,8456
35-42
Желаев карьерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Желаев карьері (кадастрлық нөмірі 08-118-115-821, 08-118-115-082, 08-118-115-859, 08-118-951-030,08-118-955-415, 08-118-952-066)
Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі
Су айдынның шығыс жағалауы №1 - 1,002;
Су айдынның батыс жағалауы
№2 – 0,432
36,75
300
11,99
35
Қарашығанақ кен орнындағы су нысандарынның су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Березовка өзені
Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев, Успенов ауылдық округтары
21,7
1493,0591
500
164,5591
35
2
Куншубай жырасы
Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев ауылдық округтары
13,9
793,8597
500
82,1446
35
3
Калминкова жырасы
Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі
9,64
488,0690
500
50,0934
35
4
Безымянная жырасы
Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі
4,6
165,3114
500
31,8349
35
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
га - гектар;
км - километр;
м - метр.

6 Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимi

2020 жылғы __ ____________ № __
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша
2017 жылғы 24 ақпандағы №52
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимi

1 1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

2 2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7 7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

Қолданыстағы