О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2017 жылғы 24 ақпандағы № 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 28.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2025 207784_747161.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25Z0749607
- ЭКБ идентификаторы
- 207784
- Редакция идентификаторы
- 207784_747161
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:50
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2017 жылғы 24 ақпандағы № 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4713 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстарын реттеу,
қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу, қорғау және
пайдалану жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті
Батыс Қазақстан облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
5 Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 47
қаулысына 1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
24 ақпандағы №52 қаулысына
1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№
Су объектісі, оның учаскелері
Орналасқан жері (елді мекен)
Шекарасының ұзындығы (километр)
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ауданы (гектар)
Ені (метр)
Ауданы (гектар)
Ені (метр)
«Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Шалқар көлі
Теректі ауданының Сарыөмір ауылы
57
5844
500
2990
50-50
«Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
2
Жайық өзені
мемлекеттік шекарадан Атырау облысының шекарасына дейін
872,74
36819,997
500-2000
6154,3767
35-55
Шаған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
3
Шаған өзені
мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін
91,05
8502,53
500-600
1202,51
35-100
Деркөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
4
Деркөл өзені
Тасқала ауданы Вавилин ауылынан өзеннің сағасына дейін
206,131
18526,77
500-550
2303,76
35
Үлкен Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
5
Үлкен Өзен өзені
мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін
273,8
30365,497
500-600
7373,6212
35-42
Айдархан су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
6
Айдархан су қоймасы
Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені
22,921
3060,6036
500
1926,9386
35
Сарышығанақ су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
7
Сарышығанақ су қоймасы
Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені
16,739
2875,20
500
1998,5042
35
Кіші Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
8
Кіші Өзен өзені
мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін
407,3
40008,02
500-600
7978,4837
35-100
Утва өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
9
Утва өзені
Шыңғырлау және Бөрлі аудандары
312
33745,048
500
4330,8456
35-42
Желаев карьерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
10
Желаев карьері (кадастрлық нөмірі 08-118-115-821, 08-118-115-082, 08-118-115-859, 08-118-951-030, 08-118-955-415, 08-118-952-066)
Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі
Су айдынның шығыс жағалауы № 1 - 1,002; Су айдынның батыс жағалауы № 2 – 0,432
36,75
300
11,99
35
Қарашығанақ кен орнындағы су нысандарынның су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
11
Березовка өзені
Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев, Успенов ауылдық округтары
21,7
1493,0591
500
164,5591
35
12
Куншубай жырасы
Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев ауылдық округтары
13,9
793,8597
500
82,1446
35
13
Калминкова жырасы
Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі
9,64
488,0690
500
50,0934
35
14
Безымянная жырасы
Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі
4,6
165,3114
500
31,8349
35
Барбастау өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
15
Барбастау өзені
Теректі ауданы
113
11003,93
500
955,11
35-40
Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
16
Елек өзені
Шыңғырлау және Бөрлі аудандары
203,429
7865,46
500
656,06
35-40
Киров су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
17
Киров су қоймасы
Ақжайық ауданы және Бәйтерек ауданы
37,111
1461,77
500
116,11
35
Көшім өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
18
Көшім өзені
Бәйтерек, Ақжайық, Жаңақала аудандары
415
30682,67
500
2324,0
35-40
Солянка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
19
Солянка өзені
Теректі және Ақжайық аудандары
56,5
7662,80
500
724,76
35-38
Ядовитое көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
20
Ядовитое көлі
Орал қаласы мен Теректі ауданы
9,156
331,61
500
70,24
35
Бағырлай жырасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
21
Бағырлай жырасы
Ақжайық ауданы
158
15580,4
500
1357,07
35-41
Қарасу жырасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
22
Қарасу жырасы
Казталов ауданы
11,43
1167,8
500
83,28
35
Ембулатовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
23
Ембулатовка өзені
Бәйтерек ауданы
70,249
5374,24
500
548,26
35-40
Өлеңті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
24
Өлеңті өзені
Сырым және Ақжайық аудандары
239,7
21427,08
500
2056,897
35-40
Қалдығайты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
25
Қалдығайты өзені
Қаратөбе және Шыңғырлау аудандары
278
23467,07
500
1998,12
35-40
Шаған арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
26
Шаған арнасы
Орал қаласы және Бәйтерек ауданы
50,7
4760,35
500
404,47
35-50
Қараоба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
27
Қараоба өзені
Теректі және Бөрлі аудандары
75,639
6884,36
500
1539,97
100
Балықты Сакрыл су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
28
Балықты Сакрыл су қоймасы
Казталов ауданы
22,092
1144,57
500
221,09
100
Бітік су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
29
Бітік су қоймасы
Ақжайық ауданы
12,524
674,28
500-550
127,09
100
Дөңгелек су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
30
Дөңгелек су қоймасы
Ақжайық ауданы
30,146
1336,77
500-550
277,014
100
Грачи 1 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
31
Грачи 1 өзені
Ақжайық ауданы
57,708
5880,81
500
1114,18
100
Грачи 2 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
32
Грачи 2 өзені
Ақжайық ауданы
58
5743,49
500
1174,17
100
Ащыөзек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
33
Ащыөзек өзені
Жәнібек және Казталов аудандары
281
21896,64
500
1958,46
35
Шолақаңкаты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
34
Шолақаңкаты өзені
Сырым және Теректі аудандары
79
7578,83
500
1048,55
35-100
Рубежка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
35
Рубежка өзені
Бәйтерек ауданы
65
4381,7249
500
686,173
35-100
Быковка өзенінің (Кіші Быковка саласымен бірге) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
36
Кіші Быковка өзені
Бәйтерек ауданы
76,276
6983,40
500
1605,51
35
Вильная жырасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
37
Вильная жырасы
Бәйтерек ауданы
20,263
2318,5
500
455,111
35
Крутая өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
38
Крутая өзені
Бәйтерек ауданы
57,941
4756,0
500
645,80
35
Кіші Ембулатовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
39
Кіші Ембулатовка өзені
Бәйтерек ауданы
37,936
3300,6
500
782,8
35
6 Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 47
қаулысына 2-қосымша
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
24 ақпандағы №52 қаулысына
2-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
1 1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;
3 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7 7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2 2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.