Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области»

Қаулы · № 157 · қабылданған 18.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2017-no-52/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 157 ·18.07.2025
18.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 157 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2017 года № 52 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Западно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2017 жылғы 24 ақпандағы № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
157
Қабылданған күні
18.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
12.08.2025
Көрсетілген редакция
18.07.2025 212959_768206.kaz
Соңғы өзгеріс
18.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25Z000157A
ЭКБ идентификаторы
212959
Редакция идентификаторы
212959_768206
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:12

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2017 жылғы 24 ақпандағы № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4713 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстарын реттеу,
қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу, қорғау және
пайдалану жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті
Батыс Қазақстан облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті

5 Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

қаулысына 1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
24 ақпандағы №52 қаулысына
1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісі, оның учаскелері
Орналасқан жері (елді мекен)
Шекарасының ұзындығы (километр)
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ауданы (гектар)
Ені (метр)
Ауданы (гектар)
Ені (метр)
«Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1
Шалқар көлі
Теректі ауданының Сарыөмір ауылы
57
5844
500
2990
50-50
«Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
2
Жайық өзені
мемлекеттік шекарадан Атырау облысының шекарасына дейін
872,74
36819,997
500-2000
6154,3767
35-55
Шаған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
3
Шаған өзені
мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін
91,05
8502,53
500-600
1202,51
35-100
Деркөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
4
Деркөл өзені
Тасқала ауданы Вавилин ауылынан өзеннің сағасына дейін
206,131
18526,77
500-550
2303,76
35
Үлкен Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
5
Үлкен Өзен өзені
мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін
273,8
30365,497
500-600
7373,6212
35-42
Айдархан су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
6
Айдархан су қоймасы
Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені
22,921
3060,6036
500
1926,9386
35
Сарышығанақ су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
7
Сарышығанақ су қоймасы
Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені
16,739
2875,20
500
1998,5042
35
Кіші Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
8
Кіші Өзен өзені
мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін
407,3
40008,02
500-600
7978,4837
35-100
Утва өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
9
Утва өзені
Шыңғырлау және Бөрлі аудандары
312
33745,048
500
4330,8456
35-42
Желаев карьерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
10
Желаев карьері (кадастрлық нөмірі 08-118-115-821, 08-118-115-082, 08-118-115-859, 08-118-951-030, 08-118-955-415, 08-118-952-066)
Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі
Су айдынның шығыс жағалауы № 1 - 1,002; Су айдынның батыс жағалауы № 2 – 0,432
36,75
300
11,99
35
Қарашығанақ кен орнындағы су нысандарынның су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
11
Березовка өзені
Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев, Успенов ауылдық округтары
21,7
1493,0591
500
164,5591
35
12
Куншубай жырасы
Бөрлі ауданының Жарсуат, Пугачев ауылдық округтары
13,9
793,8597
500
82,1446
35
13
Калминкова жырасы
Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі
9,64
488,0690
500
50,0934
35
14
Безымянная жырасы
Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округі
4,6
165,3114
500
31,8349
35
Барбастау өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
15
Барбастау өзені
Теректі ауданы
113
11003,93
500
955,11
35-40
Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
16
Елек өзені
Шыңғырлау және Бөрлі аудандары
203,429
7865,46
500
656,06
35-40
Киров су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
17
Киров су қоймасы
Ақжайық ауданы және Бәйтерек ауданы
37,111
1461,77
500
116,11
35
Көшім өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
18
Көшім өзені
Бәйтерек, Ақжайық, Жаңақала аудандары
415
30682,67
500
2324,0
35-40
Солянка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
19
Солянка өзені
Теректі және Ақжайық аудандары
56,5
7662,80
500
724,76
35-38
Ядовитое көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
20
Ядовитое көлі
Орал қаласы мен Теректі ауданы
9,156
331,61
500
70,24
35
Бағырлай жырасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
21
Бағырлай жырасы
Ақжайық ауданы
158
15580,4
500
1357,07
35-41
Қарасу жырасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
22
Қарасу жырасы
Казталов ауданы
11,43
1167,8
500
83,28
35
Ембулатовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
23
Ембулатовка өзені
Бәйтерек ауданы
70,249
5374,24
500
548,26
35-40
Өлеңті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
24
Өлеңті өзені
Сырым және Ақжайық аудандары
239,7
21427,08
500
2056,897
35-40
Қалдығайты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
25
Қалдығайты өзені
Қаратөбе және Шыңғырлау аудандары
278
23467,07
500
1998,12
35-40
Шаған арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
26
Шаған арнасы
Орал қаласы және Бәйтерек ауданы
50,7
4760,35
500
404,47
35-50
Қараоба өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
27
Қараоба өзені
Теректі және Бөрлі аудандары
75,639
6884,36
500
1539,97
100
Балықты Сакрыл су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
28
Балықты Сакрыл су қоймасы
Казталов ауданы
22,092
1144,57
500
221,09
100
Бітік су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
29
Бітік су қоймасы
Ақжайық ауданы
12,524
674,28
500-550
127,09
100
Дөңгелек су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
30
Дөңгелек су қоймасы
Ақжайық ауданы
30,146
1336,77
500-550
277,014
100
Грачи 1 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
31
Грачи 1 өзені
Ақжайық ауданы
57,708
5880,81
500
1114,18
100
Грачи 2 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
32
Грачи 2 өзені
Ақжайық ауданы
58
5743,49
500
1174,17
100
Ащыөзек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
33
Ащыөзек өзені
Жәнібек және Казталов аудандары
281
21896,64
500
1958,46
35
Шолақаңкаты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
34
Шолақаңкаты өзені
Сырым және Теректі аудандары
79
7578,83
500
1048,55
35-100
Рубежка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
35
Рубежка өзені
Бәйтерек ауданы
65
4381,7249
500
686,173
35-100
Быковка өзенінің (Кіші Быковка саласымен бірге) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
36
Кіші Быковка өзені
Бәйтерек ауданы
76,276
6983,40
500
1605,51
35
Вильная жырасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
37
Вильная жырасы
Бәйтерек ауданы
20,263
2318,5
500
455,111
35
Крутая өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
38
Крутая өзені
Бәйтерек ауданы
57,941
4756,0
500
645,80
35
Кіші Ембулатовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
39
Кіші Ембулатовка өзені
Бәйтерек ауданы
37,936
3300,6
500
782,8
35
Ұзын Аңқаты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
40
Ұзын Аңқаты өзені
Сырым және Теректі аудандары
48,6
4518,4313
500
628,0073
35-75
Бұлдырты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
41
Бұлдырты өзені
Шыңғырлау, Сырым және Қараөтөбе районы
191,5
14365,1544
500
2001,5279
35-100
Ащы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
42
Ащы өзені
Шыңғырлау ауданы
93
8478,70
500
965,7514
35-75
Есен Аңқаты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
43
Есен Аңқаты өзені
Сырым және Теректі аудандары
129
9993,3538
500
1373,6436
35-100
Таловая өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
44
Таловая өзені
Бәйтерек ауданы
59,06
1807,8906
500
293,588
35-75
Чижа-1 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
45
Чижа-1 өзені
Тасқала ауданы
75
6172,9807
266-500
769,6052
35-100
Чижа-2 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
46
Чижа-2 өзені
Тасқала ауданы
91
6033,5642
244-500
693,2629
35-100
Шідерті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
47
Шідерті өзені
Сырым ауданы
122
10650,4457
500
1241,0548
35-100
Жақсыбай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық құжаттамасы бойынша
48
Жақсыбай өзені
Қаратөбе ауданы
88
4702,70
500
566,9471
35-100

6 Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

қаулысына 2-қосымша
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
24 ақпандағы №52 қаулысына
2-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі

1 1. Жерүсті су объектілерінде:

1 1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

2 2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;

3 3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;

4 4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;

5 5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;

6 6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

7 7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.

2 2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар кірмейді:

1 1) мыналарды:

су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

2 2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

3 3) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіру.

3 3. Су қорғау аймақтары шегінде:

1 1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2 2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

3

3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

4 4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

5 5) зираттарды орналастыруға;

6 6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

7 7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

4

4. Орналастырылуы Су Кодексінің 86 бабының ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.

5

5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.

6 6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуге тиіс.

Қолданыстағы