Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 24 марта 2017 года № 64/2 «О некоторых вопросах в сфере агропромышленного комплекса на 2017 год»

Қаулы · № 394/6 · қабылданған 06.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2017-no-642-2017/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 24 марта 2017 года № 64/2 «О некоторых вопросах в сфере агропромышленного комплекса на 2017 год» Қолданыста Қаулы ·№ 394/6 ·06.12.2017
06.12.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 24 марта 2017 года № 64/2 «О некоторых вопросах в сфере агропромышленного комплекса на 2017 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 394/6 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 24 марта 2017 года № 64/2 «О некоторых вопросах в сфере агропромышленного комплекса на 2017 год»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы «2017 жылғы агроөнеркәсіптік кешені саласындағы кейбір мәселелер туралы» № 64/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
394/6
Қабылданған күні
06.12.2017
Көрсетілген редакция
06.12.2017 116558_263711.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17P0005724
ЭКБ идентификаторы
116558
Редакция идентификаторы
116558_263711
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:58

0 Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы «2017 жылғы агроөнеркәсіптік кешені саласындағы кейбір мәселелер туралы» № 64/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы «2017 жылғы агроөнеркәсіптік кешені саласындағы кейбір мәселелер туралы» № 64/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5430 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған жергілікті бюджеттен субсидиялар көлемдері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жылқы етін өндіру құнын арзандату үшін 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес бал ара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін 2017 жылға арналған субсидиялау нормативі;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен субсидиялар көлемдері;
8)
осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын 2017 жылға арналған өлшемдер мен талаптар бекітілсін.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 2, 3-қосымшасына сәйкес 7, 8-қосымшаларымен толықтырылсын.

2 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында
орналастыруды
қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары

Б. Қ. Қасеновке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған жергілікті бюджеттен субсидиялар көлемдері

Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «6» желтоқсандағы
№ 394/6 қаулысына
1-қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «24» наурыздағы
№ 64/2 қаулысына
1-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының
өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша 2017 жылға арналған жергілікті бюджеттен субсидиялар көлемдері
Субсидиялау бағытының атауы
Өлшем бірлігі
Субсидиялау нормативтері, 1 бірлік үшін, теңге
Субсидияланатын көлем
(бас, килограмм, дана)
Субсидиялау сомасы,
мың теңге
1
2
3
4
5
Етті мал шаруашылығы
Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу
Тауарлы аналық бас
Базалық норматив
бас
10 000
46 693
466 930
Қосымша норматив:
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
8 000
25 431
203 448
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
6 000
5 991
35 946
Асыл тұқымды аналық бас
Базалық норматив
бас
10 000
15 500
155 000
Қосымша норматив:
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
20 000
7 493
149 860
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
15 000
2 323
34 845
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
бас
150 000
2 789
418 350
Барлық сомасы
1 464 379
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
Асыл тұқымды аналық бас
Базалық норматив
бас
10 000
7 581
75 810
Қосымша норматив
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
20 000
3 601
72 020
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
15 000
200
3 000
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы
бас
170 000
291
49 470
Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату:
бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық
кг
25
18 545 876
463 646,9
бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық
кг
15
6 666 730
100 000,950
ауыл шаруашылығы кооперативтері
кг
10
2 000 801,4
20 008,014
Барлық сомасы
783 955,864
Мал шаруашылығы
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
3 000
4 000
12 000
Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу
бас
100 000
41
4 100
Барлық сомасы
16 100
Етті құс шаруашылығы
Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату
1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
кг
50
2 000 000
100 000
Барлық сомасы
100 000
Шошқа шаруашылығы
Шошқа етін өндіру құнын арзандату
нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап
кг
100
2 000 000
200 000
Барлық сомасы
200 000
Қой шаруашылығы
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
асыл тұқымды қойлардың аналық басы
бас
2 500
2 426
6 065
тауарлы қойлардың аналық басы
бас
1 500
15 000
22 500
Асыл тұқымды қойлар сатып алу
тұқымдық қошқарлар
бас
20 000
100
2 000
Барлық сомасы
30 565
Жылқы шаруашылығы
Асыл тұқымды айғырлар сатып алу
бас
100 000
32
3 200
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу
бас
40 000
57
2 280
Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
кг
60
199 559
11 973,540
жылқы етін өндіру құнын арзандату
кг
92
250 713
23 065,596
Барлық сомасы
40 519,136
Балара шаруашылығы
Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
балара ұясы
10 000
570
5 700
Барлық сомасы
5 700
Барлығы
2 641 219

6 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен субсидиялар көлемдері

Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «6» желтоқсандағы
№ 394/6 қаулысына
2-қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «24» наурыздағы
№ 64/2 қаулысына
7-қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының
өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары
бойынша 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен субсидиялар көлемдері
Субсидиялау бағытының атауы
Өлшем бірлігі
Субсидиялау нормативтері, 1 бірлік үшін, теңге
Субсидияланатын көлем
(бас, килограмм, дана)
Субсидиялау сомасы,
мың теңге
1
2
3
4
5
Етті мал шаруашылығы
Асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу
Тауарлы аналық бас
Базалық норматив
бас
10 000
5 553
55 530
Қосымша норматив:
Асыл тұқымды аналық бас
Базалық норматив
бас
10 000
918
9 180
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
бас
150 000
1 041
156 150
Барлық сомасы
220 860
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
Асыл тұқымды аналық бас
Базалық норматив
бас
10 000
681
6 810
Қосымша норматив:
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
бас
15 000
160
2 400
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы
бас
170 000
317
53 890
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал
Еуропа және ТМД елдерінен
бас
150 000
363
54 450
Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату:
бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық
кг
15
4 333 333
64 999,995
Барлық сомасы
182 549,995
Мал шаруашылығы
Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
нақты бордақыланғаны 3000 бастан бастап
бас
45 000
1 238
55 710
Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу
бас
100 000
2
200
Барлық сомасы
55 910
Етті құс шаруашылығы
Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату
1000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
кг
50
1 361 692
68 084,6
Барлық сомасы
68 084,6
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
50 млн. данадан басталатын нақты өндіріс
дана
2,2
82 272 720
180 999,984
20 млн. данадан басталатын нақты өндіріс
дана
2
20 000 000
40 000
Барлық сомасы
220 999,984
Шошқа шаруашылығы
Шошқа етін өндіру құнын арзандату
нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап
кг
100
5 189 819,21
518 981,921
Барлық сомасы
518 981,921
Қой шаруашылығы
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
тауарлы қойлардың аналық басы
бас
1 500
1 949
2 923,5
Асыл тұқымды қойлар сатып алу
тұқымдық қошқарлар
бас
20 000
152
3 040
Қозы етін өндіру құнын арзандату
бас
1 500
1 840
2 760
Барлық сомасы
8 723,5
Жылқы шаруашылығы
Асыл тұқымды айғырлар сатып алу
бас
100 000
22
2 200
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу
бас
40 000
212
8 480
Барлық сомасы
10 680
Азық өндіру
Мал шаруашылығын өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату
тонна
20 000
20,5
410
Барлық сомасы
410
Барлығы
1 287 200

7 Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын 2017 жылға арналған өлшемдер мен талаптар

Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «6» желтоқсандағы
№ 394/6 қаулысына
3-қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «24» наурыздағы
№ 64/2 қаулысына
8-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда
және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қойылатын 2017 жылға арналған
өлшемдер мен талаптар
Р/с №
Өлшемдер мен талаптар
1.
Жұмыс мерзімі мал асылдандыру инспекциясы саласындағы уәкілетті органнан тізілім бойынша расталуымен ірі қара малды қолдан ұрықтандыруда жұмыс тәжірибесінің болуы
2.
Көлік криоген цистернасы түріндегі арнайы ыдыспен жабдықталған сұйық азотты тасымалдауға арналған жеке меншік құқығында немесе ұзақ мерзімді жалдауда арнайы автокөліктің болуы
3.
Жеке меншік құқығында тұқымдық бұқалардың ұрығын сақтайтын СДС-35 түріндегі арнайы ыдыстың болуы
4.
Штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлердің болуы

Қолданыстағы