О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2017 года № 772 «О некоторых вопросах специальных экономических зон»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2017 года № 772 «О некоторых вопросах специальных экономических зон»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 177
- Қабылданған күні
- 06.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2020 141162_452199.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000177
- ЭКБ идентификаторы
- 141162
- Редакция идентификаторы
- 141162_452199
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:12
0 «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«АЭА-ның аумағы 653,92 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «жәрдем көрсету мақсаттарында құрылады.» деген сөздер «жәрдем көрсету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту арқылы Нұр-Сұлтан қаласын жедел дамыту мақсаттарында құрылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«Астана – Технополис» арнайы экономикалық аймағының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3 3) «Астана – Технополис» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4 4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы
3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
«Астана-Технополис» арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
_______________
2 «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген
«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары
Р/с №
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2022 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
2027 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
2032 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
2037 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
2042 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд. теңге
5,2
40
100
200
300
1.1
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд. теңге
1,7
8
20
40
60
1.2
отандық инвестициялар көлемі
млрд. теңге
3,5
32
80
160
240
2
АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд. теңге
1,6
100
150
250
400
3
Қатысушылар (компаниялар) саны
бірлік
12
38
62
75
85
1
2
3
4
5
6
7
8
4
Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдардың саны
адам
7
13
35
47
53
5
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
1000
3000
4500
6000
6000
6
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
15%
20%
25%
30%
35%
7
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі
%
3,7
4,8
6,2
8
10
* көрсеткіштер өсу нәтижесімен көрсетіледі
_______________