О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 24 апреля 2017 года № 89 «Об утверждении Правил приема имущества в коммунальную собственность Мангистауской области, построенного за счет бюджетных средств и дальнейшее его использование»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 24 апреля 2017 года № 89 «Об утверждении Правил приема имущества в коммунальную собственность Мангистауской области, построенного за счет бюджетных средств и дальнейшее его использование»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 89 «Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 58
- Қабылданған күні
- 09.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2021 121490_541513.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18M0003588
- ЭКБ идентификаторы
- 121490
- Редакция идентификаторы
- 121490_541513
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:55
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017 жылғы 24 сәуірдегі № 89 «Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылдың 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 89 «Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3353 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен реттеледі».
2 2. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Б.Альбекова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми
жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш. Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысы қаржы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________Альбекова М.Б.
«9» сәуір 2018 жыл.