О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 24 августа 2017 года №15-1 “Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан”
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жалагашского районного маслихата от 24 августа 2017 года №15-1 “Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан”
- Атауы (қаз.)
- “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-1
- Қабылданған күні
- 11.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.04.2020 124845_694606.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LF006444
- ЭКБ идентификаторы
- 124845
- Редакция идентификаторы
- 124845_694606
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:16
0 “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы 15-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5957 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 19 қыркүйекте “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
“9) уәкілетті ұйым - “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жалағаш аудандық бөлімі;”;
8-тармағының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
“колледж және жалпы білім беретін мектепті бітіргеннен кейін “Бакалавр” академиялық дәрежесін алу үшін - жылына бір рет, 392 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;”;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
“10. Әлеуметтік көмекті тағайындағаннан кейін уәкілетті орган мен әлеуметтік көмекті алушы арасында екі жақты келісім шарт жасалады.”.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
“КЕЛІСІЛДІ”
“Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы”
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Т. Дуйсебаев
11 қыркүйек 2018 жыл