О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 24 декабря 2018 года № 24/206-VI «Об определении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Катон-Карагайского района на 2019 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 24 декабря 2018 года № 24/206-VI «Об определении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Катон-Карагайского района на 2019 год»
- Атауы (қаз.)
- Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылы 24 желтоқсандағы № 24/206-VI «Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30/250-VI
- Қабылданған күні
- 11.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2019 133325_414330.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VM006071
- ЭКБ идентификаторы
- 133325
- Редакция идентификаторы
- 133325_414330
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:11
0 Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылы 24 желтоқсандағы № 24/206-VI «Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылы 24 желтоқсандағы № 24/206-VI «Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5941 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары 2019 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит болып айқындалсын.».