Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 24 октября 2018 года № 244 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи»

Ереже · № 346 · қабылданған 12.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2018-no-244-ekb-140916/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 24 октября 2018 года № 244 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 346 ·12.03.2020
29.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 24 октября 2018 года № 244 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 346 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 24 октября 2018 года № 244 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Ұлан аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 қазандағы № 244 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
346
Қабылданған күні
12.03.2020
Көрсетілген редакция
29.04.2024 140916_714804.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VQ006839
ЭКБ идентификаторы
140916
Редакция идентификаторы
140916_714804
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:42

0 Ұлан аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 қазандағы

№ 244 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50- бабы 2- тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ұлан аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 қазандағы № 244 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-204 тіркелген, 2018 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғанжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісін ортақ мүлкін күтіп ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісін ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
Ереженің 3-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;
Ереженің 4 бөлімі алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы