Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 декабря 2018 года № 571 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Бұйрық · № 101 · қабылданған 01.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2018-no-571-ekb-154220/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 декабря 2018 года № 571 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 101 ·01.04.2021
01.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 декабря 2018 года № 571 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 101 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 декабря 2018 года № 571 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
101
Қабылданған күні
01.04.2021
Көрсетілген редакция
01.04.2021 154220_518182.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022477
ЭКБ идентификаторы
154220
Редакция идентификаторы
154220_518182
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:51

0

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 571 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18025 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша Министрлікті және ведомствоның аумақтық бөлімшелерін ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Министрліктің аппарат басшысының және ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Министрліктің грамотасымен, Министрдің Алғысымен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешім Министрлік ведомствосының құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық бөлімшелері басшыларының ұсынуы бойынша қабылданады және Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
Мемлекеттік қызметшілерді Министрліктің грамотасымен, Министрдің Алғысымен және мемлекеттік қызметшілердің нақты сіңірген еңбегі сипатталған бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынымдар жетекшілік ететін вице-министрмен (аппарат басшысымен) келісу бойынша оның құрылымдық бөлімшелері басшыларының қолы қойылған немесе ведомствоның аумақтық бөлімшелері басшыларының қолы қойылған Министрліктің кадр қызметіне жіберіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кадр қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы