О внесении изменений в решение акима от 24 августа 2018 года № 6 «О переименовании составных частей села Глазуновка Глазуновского сельского округа Костанайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима от 24 августа 2018 года № 6 «О переименовании составных частей села Глазуновка Глазуновского сельского округа Костанайского района»
- Атауы (қаз.)
- Әкімнің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 6 «Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Глазунов ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 19.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2019 137261_432631.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NND08832
- ЭКБ идентификаторы
- 137261
- Редакция идентификаторы
- 137261_432631
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:16
0 Әкімнің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 6 «Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Глазунов ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 19 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 348 «Қостанай облысы Қостанай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8173 болып тіркелген) сәйкес әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Әкімнің «Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Глазунов ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» 2018 жылғы 24 тамыздағы № 6 шешіміне (2018 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша «Глазунов» сөзі «Айсары» сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің тақырыбында және барлық мәтіні бойынша «Глазуновка», «Глазуновского» сөздері «Айсары», «Айсаринского» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».