О внесении изменений в решение акима Медеуского района города Алматы от 24 декабря 2019 года № 06-01/05 «Об образовании избирательных участков по Медеускому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Медеуского района города Алматы от 24 декабря 2019 года № 06-01/05 «Об образовании избирательных участков по Медеускому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 06-01/05 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 06-01/01
- Қабылданған күні
- 01.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2022 168477_577077.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22RD028331
- ЭКБ идентификаторы
- 168477
- Редакция идентификаторы
- 168477_577077
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:38
0 Алматы қаласы Медеу ауданы
әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы
«Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша
сайлау учаскелерін құру туралы»
№ 06-01/05 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІМ:
1 1. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы «Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» № 06-01/05 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1602 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 385 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 385 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 105.
«К Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Премьер Алатау» қонақ үйі.
Шекарасы: Достық даңғылынан Қажымұқан көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сапар Байжанов көшесіне дейін; Сапар Байжанов көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі» мемлекеттік мекемесі аумағының оңтүстік шекарасына дейін; «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі» мемлекеттік мекемесі аумағының оңтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін; Қажымұқан көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Меңдіқұлов бульварына дейін; Меңдіқұлов бульварымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Самал–3 шағын ауданындағы № 22 үй аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Самал–3 шағын ауданындағы № 22 үй аумағының оңтүстік шекарасымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Самал–3 шағын ауданындағы № 21 үй аумағының шығыс шекарасына дейін; Самал–3 шағын ауданындағы № 21 үй аумағының шығыс шекарасымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Самал–3 шағын ауданындағы № 34, 35, 36 үйлер аумағының солтүстік шекарасының тұсына дейін; Самал–3 шағын ауданындағы № 34, 35, 36 үйлер аумағының солтүстік шекарасының бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Қажымұқан көшесіне дейін, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі» мемлекеттік мекемесі аумағының шекарасын қоспағанда.»;
№ 388 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 388 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 308.
«Қазақстан санаторийі» акционерлік қоғамы.
Шекарасы: Кіші Алматы өзенінің арнасынан Чайкина көшесімен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Достық даңғылына дейін; Достық даңғылымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Достық даңғылындағы № 291/1 үй учаскесінің солтүстік–батыс шекарасына дейін, әрі қарай Достық даңғылындағы № 291/1 үй учаскесінің солтүстік– батыс шекарасы бойымен оңтүстік–батысқа қарай (оңтүстік–шығыс жағы) Есентай өзенінің арнасына дейін; Есентай өзені арнасымен оңтүстік–шығысқа қарай (солтүстік–шығыс жағы) Тау–Самал шағын ауданы аумағының солтүстік–шығыс шекарасына дейін, Тау–Самал шағын ауданы аумағының солтүстік–шығыс шекарасының бойымен оңтүстік-шығысқа қарай (солтүстік–шығыс жағы) қала шекарасына дейін, әрі қарай қала шекарасымен Көлсай шағын ауданы аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Көлсай шағын ауданы аумағының оңтүстік шекарасының бойымен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Чайкина көшесіне дейін, Мұзтау шағын ауданын, «Медеу» «Тұйықсу», «Қимасар», «Сарқырама» шатқалдарын, «Горельник», «Шымбұлақ» туристік базаларын, «Просвещенец» демалыс үйін қоса.»;
№ 399 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 399 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 40.
«Алматы қаласы Білім басқармасының «Ж. Жабаев атындағы № 161 Лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».
Шекарасы: Дінмұхамед Қонаев көшесінен Мәметова көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Шахмардан Есенов көшесіне дейін; Шахмардан Есенов көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін; Дінмұхамед Қонаев көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Мәметова көшесіне дейін».
2 2. «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін,
2 2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Медеу ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛICIЛДI:
Алматы қалалық
сайлау комиссиясы