О внесении изменений в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 316 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 316 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 325
- Қабылданған күні
- 14.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2021 161826_552555.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21SI025870
- ЭКБ идентификаторы
- 161826
- Редакция идентификаторы
- 161826_552555
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:03
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
мәслихаты
1 Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жумабаев
ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 325 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев
ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 316 қаулысына
қосымша