О внесении изменений в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 316 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 316 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 08.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2023 182808_637140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23SI753015
- ЭКБ идентификаторы
- 182808
- Редакция идентификаторы
- 182808_637140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:28
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы
24 желтоқсандағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшаның 1 тармағының 6) және 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
6 «6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;
7
7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары.».
2 2. Осы каулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты