Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 316 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»

Қаулы · № 271 · қабылданған 26.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2019-no-316/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 316 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 271 ·26.12.2023
26.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 316 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 271 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2019 года № 316 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
271
Қабылданған күні
26.12.2023
Көрсетілген редакция
26.12.2023 191187_676667.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23SI766415
ЭКБ идентификаторы
191187
Редакция идентификаторы
191187_676667
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:13

0

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы каулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жумабаев ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 271 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 316 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

3 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

4 4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

5

5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

3 3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);

5 5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің меңгерушісі (басшысы);

6 6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

7 7) барлық атаулардағы (негізгі қызметтер) әдіскер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

8 8) кітапханашы – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

9 9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

10 10) аккомпаниатор – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

11 11) музыкалық жетекші – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандары;

12 12) хореограф – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары;

13 13) дыбыс операторы – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары;

14 14) барлық атаулардағы суретшілер – мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандары;

15 15) техникалық орындаушы: оператор.

Қолданыстағы