О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям»
- Атауы (қаз.)
- «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 24.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2023 178320_616209.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031769
- ЭКБ идентификаторы
- 178320
- Редакция идентификаторы
- 178320_616209
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:34
0 «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – жұмыс органы) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
«2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi – белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген) сәйкес өзге де мәліметтер;»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне тиесілі, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.»;
26-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
1 Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 24 қаңтардағы
№ 23 бұйрығына
қосымша
Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № ФИСКВ-1 бойынша нысан
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тиісті жылдың 1 (бірінші) желтоқсанына дейін
Эмитенттің атауы
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі))
Облигациялық қарыз сомасы
Облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне көзделген субсидиялардың барлығы, теңге
Барлық аударылған субсидиялар, теңге
Ауытқу ( + , -) ( + ) артық төлеу, ( - ) жетіспеушілік, теңге
Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (нақты), теңге
Банктік шоттарда жатқан субсидиялар қалдығы, теңге
Барлығы
Есептік кезең үшін
Барлығы
Есептік кезең үшін
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Жиыны:
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
__________________________________________________________________
(аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Есеп тапсырылған күн 20 ___ жылғы «___» ________
8 Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп» нысанға
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірме