Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям»

Бұйрық · № 192 · қабылданған 06.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2019-no-457-ekb-197414/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям» Қолданыста Бұйрық ·№ 192 ·06.06.2024
06.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям»

Қолданыста Бұйрық ·№ 192 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям»
Атауы (қаз.)
«Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
192
Қабылданған күні
06.06.2024
Көрсетілген редакция
06.06.2024 197414_706108.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034461
ЭКБ идентификаторы
197414
Редакция идентификаторы
197414_706108
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:12

0 «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:
2-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қарыз алушы – эмитентпен кредит/лизинг алу туралы қарыз шартын жасаған және қызметін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржы лизингіне арналған тауарлар тізбесіне сәйкес жүзеге асыратын және қарыз шарты бойынша өзіне міндеттемелер қабылдаған жеке және заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы), сондай-ақ кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейлі банктер, әлеметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар, микроқаржы ұйымдары;»;
11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қысқа мерзімді облигациялар есебінен қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі – кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейлі банктерді, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, өңірлік инвестициялық орталықтарды және микроқаржы ұйымдарын және түпкілікті қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушылар үшін мөлшері жылдық 5 (бес)%-тен аспайтын, кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейлі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар мен микроқаржы ұйымдары үшін жылдық 3 (үш)%-тен аспайтын сыйақы мөлшерлемесі;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) түпкілікті қарыз алушы – кредиттік серіктестіктің, екінші деңгейлі банктің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның, өңірлік инвестициялық орталықтың, микроқаржы ұйымының қарыз алушысы;»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына жасалған келісімге сәйкес купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.
Бұл ретте, есептік жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидиялар есептік жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударылады.
Эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.
Жұмыс органы шығарылған мерзімі 12 (он екі) айды қоса алғанға дейін болатын облигациялар бойынша купондық сыйақыны 100% (жүз процент) жасалған келісімге сәйкес облигациялар бойынша тіркеуге жататын эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударады.
Эмитент субсидия қаражатын алғаннан кейін не эмитентке Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 100% (жүз процент) купондық сыйақы мөлшерінде субсидиялар бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаражат бөлу туралы қаулысы болған жағдайда, қарыз шарттарын жасасу жолымен қысқа мерзімді облигациялар есебінен қарыз алушыларға қаржыландыру бойынша жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша кредит береді.
Көрсетілген қысқа мерзімді облигациялар есебінен:
2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға;
2023 жылғы 1 қарашадан бастап, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жасалған қарыз шарттары бойынша екінші деңгейлі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, өңірлік инвестициялық орталықтардың және микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларының міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жол беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы