Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям»

Бұйрық · № 392 · қабылданған 03.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2019-no-457-ekb-203517/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям» Қолданыста Бұйрық ·№ 392 ·03.12.2024
03.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям»

Қолданыста Бұйрық ·№ 392 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 457 «Об утверждении Правил субсидирования купонного вознаграждения по облигациям»
Атауы (қаз.)
«Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
392
Қабылданған күні
03.12.2024
Көрсетілген редакция
03.12.2024 203517_732654.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035438
ЭКБ идентификаторы
203517
Редакция идентификаторы
203517_732654
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:12

0 «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына жасалған келісімге сәйкес купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.
Бұл ретте, есептік жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидиялар есептік жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударылады.
Эмитент, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банктік шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұрын төленген бөлігін өтейді.
Жұмыс органы субсидиялар қаражаты болған жағдайда жасалған келісімге сәйкес облигациялар бойынша төленуге тиіс, шығарылған мерзімі 18 (он сегіз) айды қоса алғанға дейін құрайтын облигациялар бойынша 100% (жүз процент) купондық сыйақыны эмитенттің, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына аванстық төлеммен аударады.
Эмитентке облигациялар бойынша купондық сыйақыларды аванс түрінде өтеуге жол беріледі.
Эмитент, астық нарығы жөніндегі операторды қоспағанда, субсидия қаражатын алғаннан кейін не Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған жағдайда немесе тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте купондық сыйақыны субсидиялауға қаражат болған кезде купондық сыйақының 100% (жүз процент) мөлшерінде субсидиялар көзделген жалпы сомаға қарыз шарттарын жасасу жолымен қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен қаржыландыру бойынша қарыз алушыларға жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша кредит береді.
Көрсетілген қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен:
2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға;
көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша екінші деңгейдегі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, өңірлік инвестициялық орталықтардың және микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларының міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жол беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы