Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 «Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг» и от 6 января 2021 года № 3 «Об утверждении типовых регламентов оказания услуг с четким порядком действий сотрудников субъектов естественных монополий»

Бұйрық · № 82 · қабылданған 26.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2019-no-58-6-2021-no-3/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 «Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг» и от 6 января 2021 года № 3 «Об утверждении типовых регламентов оказания услуг с четким порядком действий сотрудников субъектов естественных монополий» Қолданыста Бұйрық ·№ 82 ·26.05.2023
26.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 «Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг» и от 6 января 2021 года № 3 «Об утверждении типовых регламентов оказания услуг с четким порядком действий сотрудников субъектов естественных монополий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 82 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 «Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг» и от 6 января 2021 года № 3 «Об утверждении типовых регламентов оказания услуг с четким порядком действий сотрудников субъектов естественных монополий»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 және «Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
82
Қабылданған күні
26.05.2023
Көрсетілген редакция
26.05.2023 182170_635564.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032601
ЭКБ идентификаторы
182170
Редакция идентификаторы
182170_635564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:42

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 және «Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» 2021 жылғы
6 қаңтардағы № 3 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Магистральдық мұнай құбыры жүйесіне Тұтынушы тапсырған барлық мұнайды сақтауға Өнім беруші жауапты болады. Тасымалдаудың толық бір айлық кезеңінде магистральдық мұнай құбыры жүйесінде тұрған, Тұтынушының мұнайының бөлінбеген қалдығын сақтау үшін (магистральдық мұнай құбыры жүйесін толтыру үшін Тұтынушы берген мұнайды шегере отырып) тарифті есептеу мынадай түрде айқындалатын:
егер тасымалдаудың бір айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы қалдықтан артық болса, онда тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы бөлінбеген қалдық сақтаудың толық бір айлық кезеңі сақталған көлем болып есептелетін;
егер тасымалдаудың бір айлық кезеңінің аяғындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың бір айлық кезеңінің басындағы қалдықтан аз болса, онда тасымалдаудың толық бір айлық кезеңі тасымалдаудың айлық кезеңінің аяғындағы бөлінбеген қалдық сақталған көлем болып есептелетін жағдайларда.»;

2

2. «Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22039 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Тұтынушы магистральдық мұнай құбыры жүйесіне тапсырған барлық мұнай табиғи монополия субъектісінде жауапты сақтауда болады. Магистральдық мұнай құбыры жүйесінде тасымалдаудың толық айлық кезеңінде болған тұтынушы мұнайының бөлінбеген қалдығын (магистральдық мұнай құбыры жүйесін толтыру үшін Тұтынушы берген мұнайды шегере отырып) сақтағаны үшін тарифті есептеу, төмендегідей айқындалады:
егер тасымалдаудың айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы қалдықтан артық болған жағдайда, тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы бөлінбеген қалдық тасымалдаудың толық айлық кезеңі сақталған көлем болып есептеледі;
егер тасымалдаудың айлық кезеңінің соңындағы мұнайдың бөлінбеген қалдығы тасымалдаудың айлық кезеңінің басындағы қалдықтан кем болған жағдайда, тасымалдаудың айлық кезеңінің соңындағы бөлінбеген қалдық тасымалдаудың толық айлық кезеңі сақталған көлем болып есептеледі.».

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы