Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 «Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг»

Бұйрық · № 4 · қабылданған 20.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2019-no-58-ekb-139102/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 «Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг» Қолданыста Бұйрық ·№ 4 ·20.01.2020
20.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 «Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг»

Қолданыста Бұйрық ·№ 4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 58 «Об утверждении типовых договоров предоставления регулируемых услуг»
Атауы (қаз.)
«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
20.01.2020
Көрсетілген редакция
20.01.2020 139102_442099.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019933
ЭКБ идентификаторы
139102
Редакция идентификаторы
139102_442099
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:16

0 «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 1 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартта:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шарттың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айтылған жағдайларда пайда болған бұзушылықтарды жойған кезде Тұтынушыны қосу жүргізіледі.
Шарттың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін Тұтынушыға көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейін жүргізіледі. Бірнеше рет ажыратылған жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін ақы төлегеннен кейін жүргізіледі.»;
26-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) көрсетілетін қызметті ұсынуға Өнім берушімен шарт жасасу;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жылжымалы құрамның жүруі үшін тармақ пайдаланушы пайдаланатын кірме жолдың ұзындығы _____ метрді құрайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бәсекелес кірме жол болмаған кезде маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну бойынша қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ бәсекелес кірме жол болмаған кезде тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін тармақ пайдаланушы пайдаланатын кірме жолының ұзындығы ________ метрді құрайды.».

2 2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті заннамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы