О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима сельского округа Ынтымак Жетысайского района от 24 июля 2019 года № 61 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Абай в населенном пункте Нур сельского округа Ынтымак Жетысайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима сельского округа Ынтымак Жетысайского района от 24 июля 2019 года № 61 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Абай в населенном пункте Нур сельского округа Ынтымак Жетысайского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алып тастау және Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 61 «Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі Нұр елді мекені Абай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 70
- Қабылданған күні
- 25.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2019 135051_422854.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UPM05185
- ЭКБ идентификаторы
- 135051
- Редакция идентификаторы
- 135051_422854
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:24
0 Шектеу іс-шараларын алып тастау және Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 61 «Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі Нұр елді мекені Абай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі №02-03/407 ұсынысы негізінде, Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Иттің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі, Нұр елді мекені Абай көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2
2. Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 шілдедегі №61 «Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі Нұр елді мекені Абай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5154 болып тіркелген, және 2019 жылғы 09 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Жетісай ауданының «Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;