О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2019 года № 798 «Об утверждении перечня субъектов, имеющих право пользования вооружением и военной техникой»
Қолданыста
Қаулы
·№ 820
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2019 года № 798 «Об утверждении перечня субъектов, имеющих право пользования вооружением и военной техникой»
- Атауы (қаз.)
- «Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 820
- Қабылданған күні
- 04.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2024 201360_723324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000820
- ЭКБ идентификаторы
- 201360
- Редакция идентификаторы
- 201360_723324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:22
0 «Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері.».