О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 октября 2019 года № 924 «Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с изготовлением документов, удостоверяющих личность»
Қолданыста
Бұйрық
·№ 393
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 октября 2019 года № 924 «Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с изготовлением документов, удостоверяющих личность»
- Атауы (қаз.)
- «Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 924 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 393
- Қабылданған күні
- 26.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2022 168168_576133.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200028225
- ЭКБ идентификаторы
- 168168
- Редакция идентификаторы
- 168168_576133
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:44
0 «Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 924 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 924 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19520 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (А.Ғ. Арыстанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агентігі