Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 24 апреля 2019 года №1373 «О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2019 год»

Қаулы · № 23 · қабылданған 31.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2019-no1373-2019/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 24 апреля 2019 года №1373 «О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2019 год» Қолданыста Қаулы ·№ 23 ·31.07.2019
31.07.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 24 апреля 2019 года №1373 «О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2019 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 23 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 24 апреля 2019 года №1373 «О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2019 год»
Атауы (қаз.)
«2019 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі №1373 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23
Қабылданған күні
31.07.2019
Көрсетілген редакция
31.07.2019 133792_415905.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19L0006860
ЭКБ идентификаторы
133792
Редакция идентификаторы
133792_415905
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:56

0 «2019 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы

24 сәуірдегі №1373 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы
№ 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 18404 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «2019 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі №1373 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6777 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2019 жылға арналған асыл тұқымды
мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және
өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерінде:
«Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы» бөлімінде реттік нөмірлері
екінші, үшінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
2.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және
етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
бас/
шағылыс
тыру маусымы
100000
3.
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
сатып
алынған бас
150000
722
108300
қазақ тіліндегі мәтінде «Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы» бөлімінде реттік нөмірі жетінші жолға өзгеріс енгізілсін, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын:
7.
Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату (2020 жылғы
1 қаңтардан бастап қолданылады)
өндірілген сиыр етінің килограмы
175
«Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы» бөлімінде реттік нөмірі алтыншы жол мынадай редакцияда жазылсын:
6.
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату*/ **
бас
180000
1200
216000
мынадай мазмұндағы жетінші жолмен толықтырылсын:
7.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және
сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
бас/
шағылыстыру маусымы
100000
«Қой шаруашылығы» бөлімінде реттік нөмірі үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
3.
Асыл тұқымды қойлар сатып алу
сатып алынған бас
8000
803
6424
«Барлығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Барлығы
х
х
х
2025521
«Ескертпе:» мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
* - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының
4-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50%-ға дейін және мал азығын субсидиялау бойынша 100 %-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі;
** - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінгенде.
Асыл тұқымды жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын сатып алу қаржы институтымен кредит беру шарты болған кезде субсидияланады, бұл ретте субсидиялар кредитті өтеу есебіне арнайы шотқа аударылады.».

2 2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы