О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 101 «Об утверждении Правил назначения специальных ежемесячных денежных выплат артистам балета организаций культуры»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 101 «Об утверждении Правил назначения специальных ежемесячных денежных выплат артистам балета организаций культуры»
- Атауы (қаз.)
- «Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 380-НҚ
- Қабылданған күні
- 10.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 30.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2026 I228945_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039602
- ЭКБ идентификаторы
- 228945
- Редакция идентификаторы
- I228945_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 20.08.2026 03:33
0 «Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы
ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Төлемдерді алу үшін өтініш беруші төлем тағайындау жөніндегі органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
3) балет әртісі ретінде еңбек қызметін, кәсіби еңбек өтілін растайтын құжат;
4) хореографиялық өнер саласындағы техникалық және кәсіптік және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімін бітіргені туралы диплом;
5) балет әртісі лауазымындағы соңғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған бұйрықтың көшірмесі не еңбек шартын бұзу туралы үзінді көшірме;
6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде дербес шотының болуы туралы анықтама;
7) соңғы үш жыл ішінде бір жұмыс орнында балет әртісі лауазымында атқарған қызметі үшін ай сайынғы жалақы туралы, ұйымның басшысы мен бас бухгалтері қол қойған және мөрмен расталған анықтама;
8) міндетті зейнетақы жарналары аударылғандығы туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының үзінді көшірмесі.
Осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген цифрлық жүйелерден деректерді алу техникалық себептерге байланысты немесе цифрлық жүйелермен интеграция болмаған жағдайда қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия мүшелері тақ саннан тұрады, олардың қатарынан төраға тағайындалады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия хатшысы Комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссия отырыстары құжаттар төлемдерді тағайындау жөніндегі органға келіп түсуіне қарай өткізіледі. Комиссия отырыстары егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.
Комиссияның құрамына балет өнері қайраткерлері, уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың экономика, қаржы, кадр және заң қызметтері саласындағы құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді.
Мүдделер қақтығысын болдырмау үшін Комиссияның құрамына қаралатын мәселелерге жеке мүдделілігі бар адамдар, сондай-ақ туыстық байланыстары немесе өзге де мән-жайлары Комиссия шешімінің объективтілігіне әсер етуі мүмкін адамдар кіре алмайды.
Мүдделер қақтығысы деп Комиссия құрамына кіретін адамдардың жеке мүдделері олардың өз міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін жағдай түсініледі.
Мүдделер қақтығысы кезінде Комиссия мүшелеріне қарсылық білдіру Комиссия төрағасына мүдделер қақтығысының туындағаны немесе туындау мүмкіндігі туралы хабарлауды, содан кейін Комиссия мүшесінің өзіне қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) немесе Комиссияның басқа мүшесіне қарсылық білдіру рәсіміне бастамашылық жасауды қамтиды. Қарсылық білдіру туралы шешім жазбаша өтініш негізінде қабылданады және Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесі ол туралы Комиссияның төрағасын жазбаша нысанда дереу хабардар етеді.
Комиссия мүшесі егер оның қабылданатын шешімдердің объективтілігіне әсер етуі мүмкін жеке мүддесі болса, конкурстық Комиссияның төрағасына өздігінен бас тарту туралы жазбаша өтініш береді.
Егер Комиссияның басқа мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаса, ол туралы ақпарат Комиссияның назарына жеткізілуі тиіс.
Қарсылық білдіру туралы шешім туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы ақпарат болған кезде Комиссияның отырысында қабылданады.
Қарсылық білдіру туралы шешім Комиссия төрағасы мен Комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Комиссия мүшесі шеттетілген жағдайда, уәкілетті орган кворумды қамтамасыз ету үшін Комиссияның құрамына өзгерістер енгізеді;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссияның хаттамасы негізінде төлемдерді тағайындау жөніндегі орган тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе өтініш берушінің электрондық мекенжайына балет әртістеріне төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын жібереді.
Өтініш беруші шешім жобасымен хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде балет әртістеріне төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасына қарсылық (ол болған жағдайда) береді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау хаттамасы ҚР ӘРПК-ның 74-бабына сәйкес рәсімделеді.
Қарсылықтар түскен кезде, олар қаралғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде балет әртістеріне төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тегі, аты немесе әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке шотының нөмірі, тұрғылықты жері немесе басқа да дербес деректер өзгерген жағдайда, өтініш беруші бұл туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, төлемдерді тағайындау жөніндегі органды хабардар етеді.»;
көрсетілген Қағидалардың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернетресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
0 Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
2026 жылғы 10 тамыздағы
№ 380-НҚ Бұйрыққа
қосымша
Мәдениет ұйымдарынның
балет әртістеріне ай сайынғы
арнайы ақшалай
төлемдерді тағайындау
қағидаларына қосымша
Нысан
Кімге ________________________
(лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)
________________________
төлемдерді тағайындау
жөніндегі орган басшысы)
________________________
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда),
ЖСН_______________________
балет әртісі немесе оның
сенімхаты бойынша өкілі)
Ұялы телефон нөмірі
_______________________
Электронды мекен-жай
_______________________
Мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдер тағайындауға өтініш
Балет әртисі ретінде кәсіби қызметінің тоқтатылуына байланысты ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындауды сұраймын
__________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1._____________________________
1. _____________________________
2. _____________________________
3. _____________________________
4. _____________________________
5. _____________________________
өтініш берушінің қолы _______________ Күні ____________