О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Маканчинского сельского округа от 24 декабря 2020 года № 115 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Ахмер» на участке «Суық-Бұлақ» в Маканчинском сельском округе Урджарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Маканчинского сельского округа от 24 декабря 2020 года № 115 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянском хозяйстве «Ахмер» на участке «Суық-Бұлақ» в Маканчинском сельском округе Урджарского района
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты «Суық-Бұлақ» учаскесіндегі «Ахмер» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 115 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 26.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2021 152602_507601.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VRV08383
- ЭКБ идентификаторы
- 152602
- Редакция идентификаторы
- 152602_507601
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:44
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты «Суық-Бұлақ» учаскесіндегі «Ахмер» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»
Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 115 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2021 жылдың 12 қаңтардағы № 05 ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты «Суық-Бұлақ» учаскесіндегі «Ахмер» шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 115 "Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты Суық-Бұлақ» учаскесіндегі «Ахмер» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылдың 25 желтоқсандағы № 8040 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 28 желтоқсанында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.