Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 155/НҚ «Об утверждении Правил оказания проактивных услуг»

Бұйрық · № 364/НҚ · қабылданған 30.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2020-no-155-ekb-172402/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 155/НҚ «Об утверждении Правил оказания проактивных услуг» Қолданыста Бұйрық ·№ 364/НҚ ·30.09.2022
30.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 155/НҚ «Об утверждении Правил оказания проактивных услуг»

Қолданыста Бұйрық ·№ 364/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 155/НҚ «Об утверждении Правил оказания проактивных услуг»
Атауы (қаз.)
«Проактивті қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
364/НҚ
Қабылданған күні
30.09.2022
Көрсетілген редакция
30.09.2022 172402_595826.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029979
ЭКБ идентификаторы
172402
Редакция идентификаторы
172402_595826
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:39

0 «Проактивті қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Проактивті қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Проактивті қызмет көрсету қағидаларында:
1, 2 және 3-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы проактивті қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13-1-тармағына сәйкес әзірленді және проактивті қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) проактивті қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Проактивті қызметтер көрсету көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеу кезінде және көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі болған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады және мыналарды:
көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуы бар автоматты хабарламалар жөнелтуді;
проактивті қызмет көрсету немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда проактивті қызмет көрсетуден бас тартуды қамтиды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі

Қолданыстағы