Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 230 «Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов оператора локомотивной тяги в пассажирском движении по социально значимым сообщениям» и приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 января 2022 года № 21 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и фи

Бұйрық · № 227 · қабылданған 27.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2020-no-230-20-2022-no-21/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 230 «Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов оператора локомотивной тяги в пассажирском движении по социально значимым сообщениям» и приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 января 2022 года № 21 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и фи Қолданыста 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 230 «Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов оператора локомотивной тяги в пассажирском движении по социально значимым сообщениям» и приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 января 2022 года № 21 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и фи

Қолданыста Бұйрық № 227 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 230 «Об утверждении Правил долгосрочного субсидирования расходов оператора локомотивной тяги в пассажирском движении по социально значимым сообщениям» и приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 января 2022 года № 21 «Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и фи
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығына және «Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрдің міндетін атқарушының 2022 ж
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
227
Қабылданған күні
27.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.09.2026
Көрсетілген редакция
27.08.2026 I229539_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039752
ЭКБ идентификаторы
229539
Редакция идентификаторы
I229539_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:59
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығына және «Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрдің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20559 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:
1) бірінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын мемлекеттік қолдау шараларының екінші деңгейдегі жүйелерімен интеграцияланған тіркеу жүйесі, мұнда түпкілікті форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 497 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38840 болып тіркелген) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Мониторинг жүргізу қағидалары) шеңберінде айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейдегі жүйеге беру олар арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі мемлекеттік цифрлық жүйе;
3) жолаушылар қозғалысындағы локомотив тарту операторы – жолаушылар тасымалы үшін пайдаланылатын тарту көлігі құралына (локомотивке) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін, оны күтіп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға (бұдан әрі – оператор);
4) тасымалдаушы – жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тарту көлігі құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрамға иелік ететін тұлға;
5) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ қазақстан республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Субсидиялау мыналарды қамтитын мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:
1) бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеуші жүйе, онда Мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде айқындалатын базалық талаптарға жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының сәйкестігі соңғы форматты-логикалық бақылау арқылы айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік цифрлық жүйе.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемі Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 218 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20468 болып тіркелген) Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысында локомотив тартымы операторының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау көлемін анықтау әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес анықталады.».

2. «Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрдің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26609 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бірінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын мемлекеттік қолдау шараларының екінші деңгейдегі жүйелерімен интеграцияланған тіркеу жүйесі, мұнда түпкілікті форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 497 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38840 болып тіркелген) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына және оларды алушыларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Мониторинг жүргізу қағидалары) шеңберінде айқындайтын базалық талаптарға сәйкестігі айқындалады;
2) екінші деңгейдегі жүйе – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейдегі жүйеге беру олар арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі мемлекеттік цифрлық жүйе;
3) өтініш беруші – бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Субсидиялау мыналарды қамтитын мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:
1) бірінші деңгей – екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылар өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеуші жүйе, онда Мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде айқындалатын базалық талаптарға жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушының сәйкестігі соңғы форматты-логикалық бақылау арқылы айқындалады;
2) екінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматты-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік цифрлық жүйе.
Екінші деңгейдегі цифрлық жүйе жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, түсіруіне және пайдалануына келісімін алуды қамтамасыз етеді.».

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі