О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района от 24 июня 2020 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятии в крестьянских хозяйствах «Алишер» и «Әсем» Шиликтинского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района от 24 июня 2020 года № 3 «Об установлении ограничительных мероприятии в крестьянских хозяйствах «Алишер» и «Әсем» Шиликтинского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шілікті ауылдық округіне қарасты «Алишер» және «Әсем» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 11.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2020 148417_490964.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VKC07811
- ЭКБ идентификаторы
- 148417
- Редакция идентификаторы
- 148417_490964
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:50
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шілікті
ауылдық округіне қарасты «Алишер» және
«Әсем» шаруа қожалықтарына шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан
ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің
2020 жылғы 24 маусымдағы № 3 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2020 жылғы 03 қарашадағы № 731 ұсынысы негізінде Шілікті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүйізді ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округіне қарасты «Алишер» және «Әсем» шаруа қожалықтарына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №3 «Шілікті ауылдық округіне қарасты «Алишер» және «Әсем» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылдың 26 маусымында № 7221 болып тіркелген, 2020 жылдың 15 шілдесінде «Достық» газетінде жарияланған және 2020 жылдың 01 шілдесінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.