О внесении изменений в решение Кызылординского городского маслихата от 24 июня 2020 года № 347-62/5 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному беспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кызылординского городского маслихата от 24 июня 2020 года № 347-62/5 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному беспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования»
- Атауы (қаз.)
- «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 347-62/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 195-27/5
- Қабылданған күні
- 08.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 08.10.2024 201717_723601.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24LA855611
- ЭКБ идентификаторы
- 201717
- Редакция идентификаторы
- 201717_723601
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:18
0
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 347-62/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 347-62/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7542 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыптың орыс тіліндегі нұсқасына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2 және 3-тармақтар алынып тасталсын;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің резиденцияларына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
6) магистральдық теміржол желілеріне, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.».