О внесении изменений в решение Кобдинского районного маслихата от 24 декабря 2020 года № 395 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Кобдинском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәcлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 тіркелген, 2021 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген, Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында: 9 тармақта: 2) тармақшасында: «3500 (үш мың бес жүз) теңге» сандары мен сөздері «5000 (бес мың) теңге» сандары мен сөздеріне ауыстырылсын; 13 тармақта: 1) тармақшасында: төртінші абзацта: «30 000 (отыз мың) теңге» сандары мен сөздері «50 000 (елу мың) теңге» сандары мен сөздеріне ауыстырылсын; бесінші абзацта: «50 000 (елу мың) теңге» сандары мен сөздері «100 000 (жүз мың) теңге» сандары мен сөздеріне ауыстырылсын; 3) тармақша келесідей жаңа редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасының шегінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға, теміржол көлігінде (екі бағытта) жылына бір рет, бірақ купелі вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, жол жүру төлемдері үшін. Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі».
Тармақ 2
2. «Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.