О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 декабря 2020 года № 399 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 декабря 2020 года № 399 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 19.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2024 182313_685784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23CD008355
- ЭКБ идентификаторы
- 182313
- Редакция идентификаторы
- 182313_685784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:54
0 Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7906 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»
жоғарыда аталған шешіммен айқындалған Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді»
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.»