О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 декабря 2020 года № С-49/6 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 декабря 2020 года № С-49/6 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- С-26/7
- Қабылданған күні
- 16.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.01.2023 178095_615165.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BA008508
- ЭКБ идентификаторы
- 178095
- Редакция идентификаторы
- 178095_615165
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:39
0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесінде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.».