О внесении изменения в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 декабря 2020 года № С-49/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 декабря 2020 года № С-49/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/7 «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-25/10
- Қабылданған күні
- 23.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2023 177336_667820.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22BA031507
- ЭКБ идентификаторы
- 177336
- Редакция идентификаторы
- 177336_667820
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:47
0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/7 «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8287 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабымен, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасымен, 11-бабының 2) тармақшасымен, 12-бабының 2) тармақшасымен, 13-бабының 2) тармақшасымен, 17-бабымен көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.».