Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 декабря 2020 года № С-49/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»

Ереже · № C-2/13 · қабылданған 14.04.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2020-no-497/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 декабря 2020 года № С-49/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау» Күшін жойған Ереже ·№ C-2/13 ·14.04.2023
24.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 декабря 2020 года № С-49/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»

Күшін жойған Ереже ·№ C-2/13 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Кокшетауского городского маслихата от 24 декабря 2020 года № С-49/7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау»
Атауы (қаз.)
Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/7 «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
C-2/13
Қабылданған күні
14.04.2023
Көрсетілген редакция
24.11.2023 180097_667814.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23BA854403
ЭКБ идентификаторы
180097
Редакция идентификаторы
180097_667814
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:51

0 Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/7 «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8287 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

4 «4) Республика күніне - 25 қазан:

барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға;
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;»;
6-тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

5 «5) Тәуелсіздік күніне - 16 желтоқсан:

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға.»;
7 тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, туберкулез, қатерлі ісіктер) денсаулық сақтау ұйымдарының есебінде тұрған, медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, аурудың бір түрі бойынша 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
7 тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға жолдама құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу, бірақ 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен артық емес.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы