О внесении изменения в решение Жылыойского районного маслихата от 24 сентября 2020 года № 51-2 «О проведении мирных собраний в Жылыойском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жылыойского районного маслихата от 24 сентября 2020 года № 51-2 «О проведении мирных собраний в Жылыойском районе»
- Атауы (қаз.)
- Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 51-2 «Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 21-2
- Қабылданған күні
- 23.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2024 199417_713760.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24TB521806
- ЭКБ идентификаторы
- 199417
- Редакция идентификаторы
- 199417_713760
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:26
0 Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 51-2 «Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 51-2 «Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4743 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өндіріс, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жылыой аудандық мәслихатының
2024 жылғы 23 шілдедегі № 21-2
шешіміне қосымша
Жылыой аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 51-2 шешіміне қосымша
1 1. Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1 1. Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, аудан әкімдігіне қарсы орналасқан сахна алаңы.
2 2. Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, Орталық стадионға қарсы орналасқан «Кең Жылой» мәдениет үйінің алдындағы алаң.
3 3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:
Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, «Мариям» сауда үйінен бастап Рәміздер алаңына дейін.
2 2. Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі -Заң) әзірленді.
4
4. Арнайы орындар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің санитарлық нормалары мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
5
5. Бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
6 6. Жылыой ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1 1) Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, аудан әкімдігіне қарсы орналасқан сахна алаңы, шекті толу нормасы 600 адам;
2 2) Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, Орталық стадионға қарсы орналасқан «Кең Жылой» мәдениет үйінің алдындағы алаң, шекті толу нормасы 250 адам;
3 3) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру тәртібі, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, «Мариям» сауда үйінен бастап Рәміздер алаңына дейін, шекті толу нормасы 350 адам.
7 7. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де, құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
8
8. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл бір сол уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.