Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Каргалинского районного маслихата от 24 декабря 2020 года № 532 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каргалинском районе»

Өзге акт · № 44 · қабылданған 26.06.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2020-no-532-ekb-183724/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Каргалинского районного маслихата от 24 декабря 2020 года № 532 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каргалинском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 44 ·26.06.2023
11.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Каргалинского районного маслихата от 24 декабря 2020 года № 532 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каргалинском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 44 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Каргалинского районного маслихата от 24 декабря 2020 года № 532 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каргалинском районе»
Атауы (қаз.)
Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 532 «Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
44
Қабылданған күні
26.06.2023
Көрсетілген редакция
11.04.2024 183724_697512.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23CF008375
ЭКБ идентификаторы
183724
Редакция идентификаторы
183724_697512
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:15

0 Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 532 «Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 532 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен айқындалған, Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.»;
4 тармақтың екінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6 тармақ келесідей мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы №539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21500 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.»;
9 тармақ келесідей мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша төлем ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-шы күніне жүзеге асырылады.»;
келесі мазмұндағы 10 тармақпен толықтырылсын:
«10. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы