О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2020 года № 612 «Об утверждении перечня заболеваний, против которых проводятся обязательные профилактические прививки в рамках гарантированного объема медицинской помощи, правил, сроков их проведения и групп населения, подлежащих профилактическим прививкам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2020 года № 612 «Об утверждении перечня заболеваний, против которых проводятся обязательные профилактические прививки в рамках гарантированного объема медицинской помощи, правил, сроков их проведения и групп населения, подлежащих профилактическим прививкам»
- Атауы (қаз.)
- «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 30.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2021 154034_521962.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000173
- ЭКБ идентификаторы
- 154034
- Редакция идентификаторы
- 154034_521962
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:59
0
«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесінде:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мына инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:
құтырма;
іш сүзегі;
көктемгі-жазғы кене энцефалиті;
оба;
коронавирус инфекциясы.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мына инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі:
«А» вирусты гепатиті;
тұмау;
күйдіргі;
туляремия.»;
2-қосымшада:
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізу қағидаларына қосымшадағы кесте осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтарында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар («А» вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, коронавирус инфекциясы).»;
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізу мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде
міндетті профилактикалық
екпелерді жүргізу қағидаларына
қосымша
Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
міндетті профилактикалық екпелер жүргізу мерзімдері
1 1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен оларға қарсы екпелер жүргізілетін инфекциялық аурулар
Егілетін адамдардың жасы мен контингенті
Тубер-кулез
«В» вирус-ты гепатиті
Полио-
миелит
Көк-жөтел, дифте-рия, сіреспе
b типті гемофиль-дік инфекция (Hib)
Пневмо-кокк инфек-циясы
Дифте-рия, сіреспе
Қызылша, қызамық, эпиде-миялық паротит
Құтыр-ма
Іш сүзегі
Көк-темгі-жазғы кене энце-фалиті
Оба
Коронави-рус инфекциясы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1) жасы бойынша
1-4 күн
+
+
2 ай
+
+
+
+
+
3 ай
+
+
+
4 ай
+
+
+
+
+
12-15 ай
+
+
+
18 ай
+
+
+
6 жас (1 сынып)
+
+
+
16 жас және әр 10 жыл cfqsy
+
2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін адамдар
+
+
3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:
медицина қызметкерлері
+
кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері
+
4) денсаулық жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:
қан құйылған адамдар
+
5) кез келген жануардың тістеуіне, сілекейленуіне ұшыраған адамдар
+
6) жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтары тұтастығы бұзылып зақымданған адамдар
+
7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша
+
+
2 2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен оларға қарсы екпелер жүргізілетін инфекциялық аурулар
Егілетін адамдардың жасы мен контингенті
«А» вирусты гепатиті
Тұмау
Күйдіргі
Туляремия
1
2
3
4
5
1) жасы бойынша
2 жас
+
2) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін адамдар
+
+
3) өзінің кәсіптік қызметі бойынша катер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:
медицина қызметкерлері
+
4) денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде:
медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар
+
5) балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті
+
6) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша
+
+
_____________________________