Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Журынского сельского округа от 24 апреля 2020 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Өзге акт · № 30 · қабылданған 18.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2020-no-9-ekb-148742/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Журынского сельского округа от 24 апреля 2020 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий» Қолданыста Өзге акт ·№ 30 ·18.11.2020
18.11.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Журынского сельского округа от 24 апреля 2020 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Қолданыста Өзге акт ·№ 30 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Журынского сельского округа от 24 апреля 2020 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын алу және Жұрын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану турал
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30
Қабылданған күні
18.11.2020
Көрсетілген редакция
18.11.2020 148742_492427.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CII07663
ЭКБ идентификаторы
148742
Редакция идентификаторы
148742_492427
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:41

0 Шектеу іс-шараларын алу және Жұрын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 9 қарашадағы № 02-13-4/237 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Көбелей ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

2

2. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7071 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы