О внесении дополнений в решение Таразского городского маслихата от 24 июня 2020 года №59-6 «Об определении специализированных мест для проведения собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетирований и правил их использования в городе Таразе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Таразского городского маслихата от 24 июня 2020 года №59-6 «Об определении специализированных мест для проведения собраний, митингов, демонстраций, шествий, пикетирований и правил их использования в городе Таразе»
- Атауы (қаз.)
- «Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы»
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 60-4
- Қабылданған күні
- 29.07.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2020 145358_475228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20GA004694
- ЭКБ идентификаторы
- 145358
- Редакция идентификаторы
- 145358_475228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:22
0 «Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Тараз қаласында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №59-6 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде №4652 тiркелген, электрондық түрде 2020 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің №1 қосымшасымен бекітілген Тараз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың 1 тармағы 3) тармақшамен толықтырылсын.
«3) Қайрат Рысқұлбеков саябағының балалар алаңшасы.»;
№2 қосымшасымен бекітілген бейбіт жиналыстарды, шерулерді және демонстрацияларды өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету 5 тармақпен толықтырылсын.
1.5.
Қайрат Рысқұлбеков саябағының балалар алаңшасы
Жер учаскесінің көлемі
– 3 500 шаршы метр;
- жасанды жарықтандыру;
электрэнергиясын қосу нүктесі;
-бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған;
20 тұрақ орындары.
( 1 кіру, 1 шығу)
300-500
адам