Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Нур-Султан от 24 ноября 2021 года № 104/15-VII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Нур-Султане»

Өзге акт · № 43/5-VIII · қабылданған 30.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2021-no-10415-vii-ekb-183865/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Нур-Султан от 24 ноября 2021 года № 104/15-VII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Нур-Султане» Қолданыста Өзге акт ·№ 43/5-VIII ·30.06.2023
30.06.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Нур-Султан от 24 ноября 2021 года № 104/15-VII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Нур-Султане»

Қолданыста Өзге акт ·№ 43/5-VIII · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Нур-Султан от 24 ноября 2021 года № 104/15-VII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Нур-Султане»
Атауы (қаз.)
«Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43/5-VIII
Қабылданған күні
30.06.2023
Көрсетілген редакция
30.06.2023 183865_642410.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23AAZ13460
ЭКБ идентификаторы
183865
Редакция идентификаторы
183865_642410
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:05

0 «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»;
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімге қосымшада:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі»;
қосымшаның 1-тармағы жаңа редекцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Астана қаласында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.»;
қосымшаның 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.»;
қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.»;
қосымшаның 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Тұрғын үй көмегін тағайындау Астана қаласының бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жүзеге асырылады.»;

2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы