О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 24 ноября 2021 года № 104/15-VII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Астане»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 24 ноября 2021 года № 104/15-VII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Астане»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 134/16-VIII
- Қабылданған күні
- 26.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2023 190931_678771.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23AAZ13670
- ЭКБ идентификаторы
- 190931
- Редакция идентификаторы
- 190931_678771
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:13
0 «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Астана қаласы мәслихатының
2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VIІ
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VIІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25676 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіміне қосымшада:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері мынадай нормалар шегінде есептеледі:
1) 1 айға электр энергиясын тұтыну нормалары:
150 киловатт – бір-үш адамнан тұратын отбасы;
200 киловатт – төрт және одан да көп адамдардан тұратын отбасы;
2) газ тұтыну нормасы, су бұру, сумен жабдықтау қызметтері, қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару, лифтке қызмет көрсету – тариф бойынша әр адамға ай сайын.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.».