О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2021 года № 264 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в Акжарском районе Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 24 декабря 2021 года № 264 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в Акжарском районе Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 264 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 03.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2025 207803_753121.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25SD00046A
- ЭКБ идентификаторы
- 207803
- Редакция идентификаторы
- 207803_753121
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:50
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 264 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында коммуналдық қызмет көрсету қағидларын бекіту туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 264 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);».