О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2021 года № 576 «Об утверждении Плана мероприятий на 2021 – 2023 годы по реализации Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015 – 2025 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2021 года № 576 «Об утверждении Плана мероприятий на 2021 – 2023 годы по реализации Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015 – 2025 годы»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 158
- Қабылданған күні
- 25.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2023 165548_646917.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000158
- ЭКБ идентификаторы
- 165548
- Редакция идентификаторы
- 165548_646917
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:55
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:
«9. Мемлекеттің сервистік моделін құру үшін сот жүйесі мен әкімшілендіруді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін трансформациялау» деген бөлімде:
«9.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» деген кіші бөлімде:
мына:
«
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы шеңберінде іске асырылатын болады
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады
»;