О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 февраля 2022 года № 103 «Об утверждении требований к техническим средствам, применяемым при досмотре»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 февраля 2022 года № 103 «Об утверждении требований к техническим средствам, применяемым при досмотре»
- Атауы (қаз.)
- «Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 29.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 16.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2025 212997_768503.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036561
- ЭКБ идентификаторы
- 212997
- Редакция идентификаторы
- 212997_768503
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:00
0 «Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің
2022 жылғы 22 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26940 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы келесі редакцияда жазылсын:
«Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
0 Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 29 шілдедегі
№ 239
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 24 ақпандағы
№ 103
бұйрығымен бекітілген
Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 107-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы талаптар жете тексеру кезінде әуежай (әуеайлақ) авиациялық қауіпсіздік қызметінің қолданатын техникалық құралдарға таралады.
2 2. Осы талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1 1) адам денесін сканерлеуге арналған құрылғы – адам денесінде тыйым салынған заттар мен бұйымдарды табу мақсатында жанасусыз жете тексерудің техникалық құрылғысы;
2 2) алгоритм негізінде жұмыс істейтін рентгендік – телевизиялық қондырғы – жарылғыш заттарды анықтау үшін заттар мен нәрселерді автоматты түрде талдауды қамтитын техникалық құрылғы;
3 3) аяқ киімге арналған сканерлеу құрылғысы – аяқ киімнің ішіне тыйым салынған заттарды анықтауға арналған техникалық құрылғы;
4 4) жарылғыш заттарды табуға арналған жабдық (жарылғыш заттардың бу және бөлшектер детекторлары) – жарылғыш заттардың буын немесе микробөлшектерін анықтауға арналған техникалық құрылғы;
5
5) жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар – жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттағы қорды, әуе кемелері экипаждарының мүшелерін, авиациялық персоналды жете тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғы;
6 6) портативті (ықшам, жылжымалы) металл іздегіш – адам денесіндегі металл заттың нақты орналасқан жерін анықтауға арналған техникалық құрылғы;
7 7) рентгендік-телевизия қондырғысы – заттар мен нәрселерді көзбен шолып сәйкестендіруге арналған техникалық құрылғы;
8 8) стационарлық металл іздегіш – адам денесіндегі металл заттарды анықтауға арналған техникалық құрылғы;
9
9) сұйық жарылғыш заттарды анықтауға арналған құрылғы – қорғалатын шектеулі қолжетімділік аймақтарына алып өтілетін сұйықтықтарды, аэрозольдерді және гельдерді талдау арқылы сұйық жарылғыш заттар немесе олардың құрамдас бөліктерінің бар-жоғын анықтай алатын тексеру құрылғысы немесе өзге жете тексеру жабдықтарының функциясы;
10 10) үздіксіз қуат көзі – электр жабдықтарын негізгі қуат көзінің үзілуінен, кедергілерінен немесе толық ажыратылуынан қорғауға арналған құрылғы.
2 2-тарау. Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар
3 3. Адам денесін сканерлеуге арналған құрылғы:
1 1) адам бейнесінің контурлық кескініне сәйкес аномалиялардың орналасуын анықтау және көрсетуі;
2 2) белсенді және пассивті миллиметрлік толқындарды қамтуға;
3 3) терагерцтік визуализация жүйесінің болуы;
4 4) миллиметрлік толқындарына негізделген кері шашырау жүйесінің болуы;
5 5) миллиметрлік толқындары арқылы денені көру мүмкіндігі болуы;
6 6) адам денесін 5-10 секунд ішінде сканерлеу мүмкіндігі болуы;
7 7) кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға енгізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуы тиіс;
4 4. Алгоритм негізінде жұмыс істейтін рентгендік-телевизиялық қондырғы:
1 1) компьютерлік томография (Explosives Detection System (EDS) негізінде жарылғыш заттарды анықтау жүйесінің талаптарына жауап беруі;
2 2) конвейер жылдамдығы 0,3-тен 0,5 метрге дейін секундына болуы тиіс;
3 3) бейнелер экранда 13 секунд бойы көрсетілуі тиіс;
4 4) үш өлшемді (3D) бейнелеуге ие болуы тиіс;
5 5) мынадай техникалық сипаттамаларға ие болуы тиіс:
салыстырмалы ылғалдылық диапазоны – 10%-дан 90%-ға дейін, конденсациясыз;
жұмыс температурасы диапазоны – 0°-тан +40°C-қа дейін;
дыбыс қысымы деңгейі – <70 дБА;
20-дан 4000 см-ге дейінгі бұйымдарды сканерлеу мүмкіндігі;
үш фазалы айнымалы токпен электрмен жабдықтау;
кіріктірілген автономды салқындату жүйесі;
номиналды кернеу – 400 вольт айнымалы ток +/- 10%, 50 Гц;
сағатына 800-ден 1200-ге дейін багаж бірлігін өңдеу қабілеті;
6 6) қашықтан диагностика жүргізу мүмкіндігі болуы тиіс;
7 7) бірнеше тексеру деңгейін қарастыратын алгоритмге ие болуы тиіс;
8 8) кескін құрылымын қалпына келтіру және жарылғыш заттарды тану алгоритмдеріне ие болуы тиіс;
9 9) жүк өңдеу жүйесімен оңай интеграциялануы, ашық интеграциялық хаттамаға ие болуы және пайдалану орнында конфигурацияны өзгерту мүмкіндігі болуы тиіс;
10 10) толық көлемде үздіксіз сканерлеу мүмкіндігі болуы тиіс;
11 11) детекция сапасы мен кескін бөліктерін жоғалтпай, сканерлеуді тоқтату және қайта бастау мүмкіндігі болуы тиіс.
12 12) кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға енгізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
5 5. Аяқ киімге арналған сканерлеу құрылғысы:
1 1) кез келген бөгде заттар мен нәрселерді (мысалы, металл және металл емес заттар, жарылғыш заттар, керамикалық қару, пластмассадан жасалған пышақтар) олардың орналасу орнына қарамастан анықтай алуы тиіс;
2 2) пайдалану орнында диагностика мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс;
3 3) денсаулық үшін қауіпсіз болуы және иондаушы сәуле көздеріне ие болмауы тиіс;
4 4) мынадай сипаттамаларға ие болуы тиіс:
жұмыс температурасының диапазоны – -20°-тан +70°C-қа дейін;
жұмыс кернеуі – 90-нан 260 вольтқа дейін;
жарықтық және (немесе) дыбыстық индикация (қауіпті / қауіпсіз нысан);
желілік қуат көзімен де, автономды қуат көзімен де (батарея, аккумулятор) жұмыс істей алуы тиіс;
сканерлеу уақыты – 1-ден 5 секундқа дейін.
5 5) кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға енгізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуы тиіс.
6 6. Жарылғыш заттарды табуға арналған жабдық (жарылғыш заттардың бу және бөлшектер детекторлары):
1
1) бұйыммен жұмыс істеуге арналған жарылғыш заттарды табу бойынша сезімталдығы бір текше сантиметрге 1x10-14 граммнан кем болмауға тиіс, бірақ бұл ретте жарылғыш заттардың жұбын талдау циклінің уақыты – 60 секундтан аспайды, жарылғыш заттар жұбының болуына бұйымның жұмыс істеу уақыты – 5 секундтан аспайды, іріктеудің келесі цикліне дайындық уақыты – 30 секундтан аспайды, жұмыс режиміне шығу уақыты қосылғаннан кейін 35 минуттан аспауға;
2 2) желілік қоректену блогынан да, кернеуі 9-12 вольт автономды қоректен (батарея, аккумулятор) де жұмыс істеуге тиіс;
3
3) операторға тәуелсіз жұмыс істейтін сигнал беру жүйесі болуға, бұл ретте дабылдың дыбыстық сигналының деңгейі қазіргі заманғы әуежайлардың шуылының аясында жақсы ажыратылуға, қоректену көздері 30 % разрядталған кезде (кернеу бойынша) жұмыс істейтін автономды қорек көзі разрядының индикаторы болуға;
4 4) кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға енгізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
5 5) пайдалану орнында диагностика және жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруге;
6 6) пайдалану жүктемесі асып кеткен және жарамсыз болған жағдайда электр тогын беруді тоқтататын алдын ала қорғау жүйесінің, оны пайдалану процесінде жұмысқа қабілеттілігін бақылау құралы болуға;
7 7) тәулік бойы режимде жұмыс істеген кезде барлық талаптарға сәйкес болуы тиіс, істен шығуға дейін жұмыс істеу – кемінде 6000 сағат, регламентті жұмыстар уақыты пайдалану уақытының кемінде 5% болуға тиіс.
7 7. Портативті (ықшам, жылжымалы) металл іздегіш:
1 1) қондырғыны ауыстыру жылдамдығы секундына 0,2 – 0,5 метр болған кезде 0,12 – 0,15 метр қашықтықтағы металл заттарды табуды қамтамасыз етуге, металл зат болғанда дыбыстық сигнал беруге, қазіргі заманғы әуежайлардың электр магниттік жағдайлар шартында қалыпты жұмысты қамтамасыз етуге;
2 2) пайдалануға берілген сәттен бастап кемінде 1 жыл кепілдік берілген пайдалану мерзімі, орташа қызмет мерзімі – кемінде 3 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
3 3) пайдалану орнында диагностика және жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруге;
4 4) автономды қорек көзінен жұмыс істеу кезінде бұйым қоректену көздерінің 60 % разрядталған кезде (кернеуі бойынша) табу сипаттамаларын сақтауға, кемінде 10 сағат автономды қорек көзінен бұйымның үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығын қамтамасыз етуге тиіс.
8 8. Рентген-телевизия қондырғысы:
1
1) металл және металл емес атыс қаруын, оның бөлшектерін, барлық калибрдегі оқ-дәріні, гранаталарды және басқа да жарқыншақты/жарылғыш әсері бар қару түрлерін, пышақтарды, келдекті, қылыштарды, әскери және коммерциялық мақсаттағы жарылғыш заттарды, детонаторларды және сағатпен жүретін тетіктерді, электр және электронды бұйымдарды, электр энергиясы көздерін, сондай-ақ «Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 548 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 33197 болып тіркелген) белгіленген тізбеге сәйкес әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған басқа да қауіпті заттар мен бұйымдарды бейнелеуге;
2 2) пайдалану режимінде рентгендік сәулелену генераторының сипаттамалары мен көрініс сапасы мынадай:
ену қабілеті – болат бойынша 24 миллиметр;
рұқсат берілетін қабілеті – 0,1 миллиметр;
анодты кернеу: жұмыс істеу – 140 - 300 киловольт;
түтікше тогы – 0,7 миллиампер болуға;
мәжбүрлі желдеткіші бар герметикалы май ваннасында түтікше сууға;
3 3) «Жоғары ену қабілеті» опциясын пайдалану кезінде ең жоғары режимде рентгендік сәулелену генераторының сипаттамалары мен көрініс сапасы мынадай:
ену қабілеті: 30 миллиметр;
рұқсат берілетін қабілеті: 0,1 миллиметр;
анодты кернеу: жұмыс – 140 - 300 киловольт;
түтікше тогы – 0,7 милиампер;
сәулеленудің азаюының үлгілік деңгейі сағатына 0,1 микрорентгеннен аспайтын болуға;
4 4) рентген-телевизия қондырғысы конвейерінің жылдамдығы кемінде секундына 0,15 метр болуға;
5 5) пайдалануға берілген сәтінен бастап кемінде 1 жыл кепілдік берілген пайдалану мерзімінің, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
6 6) пайдалану орнында диагностика және жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруге;
7 7) рентгендік сәулеленуді қосуда жарықпен сигнал беруге, қорғау экрандарының тұтастығы бұзылған кезде рентгендік сәулеленуді ажыратуды және пайдалану жүктемесі асып кеткен және жарамсыз жағдайда электр тогын беруді тоқтатуды қамтамасыз ететін бұғаттаулары болуға;
8 8) кинофотоматериалдарды, электрондық тасығыштарды рентген-телевизия қондырғысының жұмыс аймағы арқылы он еселенген өткізу кезінде рентген-телевизия қондырғысындағы сәулеленудің олардың тұтастығын бұзуға мүмкіндік бермейтін деңгейі болуға;
9 9) рентген жабдығының сыртқы панельдерінен 5 сантиметр арақашықтықта рентгендік сәулелену дозасының қуат деңгейі секундына 0,03 рентгеннен аспауға, жұмыс істеп тұрған рентген жабдығының шуылдау деңгейі 60 децибельден аспауға;
10 10) рентген сәулесінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін конструкциясы болуға;
11 11) кескінді жақсарту функцияларын қамтуы тиіс, соның ішінде:
кескіннің масштабын өзгерту;
өтімділікті арттыру;
бейорганикалық заттарды жою;
органикалық заттарды жою;
анықтығын, айқындығын және/немесе контурларды бөлектеуді арттыру, бұл ретте баптау кескінді мүмкіндігінше анық етіп көрсетуге бағытталуы тиіс;
12 12) тексерілетін нысанның тік және көлденең проекцияларын бір уақытта көрсетуге мүмкіндік беретін бейнесі болуға тиіс.
9 9. Стационарлық металл іздегіш:
1 1) адам денесіндегі және оның киіміндегі әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған металл заттарды табуға мүмкіндік беруге тиіс;
2
2) тыйым салынған металл зат болғанда автоматты жарықпен және дыбыспен сигнал беруге, орнатылған табу параметрлерінің санкцияланбаған өзгерісін болдырмауға тиіс, оның электрондық бұйым схемасы дабыл сигналы сөнгеннен кейін 3 секундтан соң автоматты түрде бастапқы қалпына келуге тиіс (дабыл белгісінің аяқталуы қондырғының жұмысқа әзір екендігін білдіруге тиіс), жұмыс режиміне шығу уақыты желіге қосылғаннан кейін 30 секундтан аспауға тиіс;
3
3) датчиктердің блоктары арасындағы қашықтық 1 м болғанда жоспардағы жұмыста бір бірінен 3-тен 8 м-ге дейін арақашықтықта бір желіде орнатылған саны 2-ден 4 данаға дейін ұқсас құрылғылар тобының құрамында қазіргі заманғы әуежайлардың электр магниттік жағдайлар шарттарында рентген-телевизия қондырғыларымен бірге қалыпты жұмысты қамтамасыз етуі тиіс;
4
4) тәулік бойы режимде жұмыс істеген кезде барлық талаптарға сәйкес болуға тиіс, істен шығуға дейін жұмыс істеу – кемінде 6000 сағат, регламенттік жұмыстар уақыты – пайдалану уақытының кемінде 5%-ы, кепілдік берілген пайдалану мерзімі – пайдалануға берілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл;
5
5) пайдалану орнында диагностика мен жөндеуді жүргізуге мүмкіндік беруге, диагностика әдістерімен бірге Бұйымды пайдалану және оның толық техникалық сипаттамасы жөніндегі нұсқаулықтан тұратын оның қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын, жарамды жай-күйін және жөнделуін қолдау үшін жеткілікті құжаттамамен жабдықталуға тиіс;
6 6) биіктігі кемінде 2 метр және ені 0,76 метр ойығы бар арқасы, шолу және реттелетін дыбыс сигналы, сондай-ақ құбылмалы жағдайларға байланысты сезімгіштік деңгейін өзгерту мүмкіндігі болуға тиіс.
10 10. Сұйық жарылғыш заттарды анықтауға арналған құрылғы:
1 1) сұйық жарылғыш заттарды автоматтандырылған анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс;
2 2) бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде жұмыс істеу;
сынамаларды алу үшін жеке немесе бірнеше контейнерлерді алдын ала ашумен жете тексеру;
жекелеген немесе бірнеше контейнерлерді ашпай жете тексеру;
3 3) бір немесе бірнеше жете тексеру технологиялармен жұмыс істеу, оның ішінде:
электроизоляциялық технология;
химиялық сынамаларға арналған тест-жолақтар;
хемилюминесценция;
иондық жылжымалылық спектрометриясы;
газдық хроматография;
масс-спектрометрия.