О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 24 марта 2022 годам №427 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление развития комфортной городской среды города Шымкент»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 24 марта 2022 годам №427 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление развития комфортной городской среды города Шымкент»
- Атауы (қаз.)
- «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3595
- Қабылданған күні
- 26.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2025 211719_763805.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25E003595A
- ЭКБ идентификаторы
- 211719
- Редакция идентификаторы
- 211719_763805
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:41
0 «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 427 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктері шегінде Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ирригациялық жүйелер салу, тұйықталған ирригациялық жүйелерді жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.»;
2) 15-тармақта:
41), 42) және 43) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 76), 77) және 78) тармақшалармен толықтырылсын:
«76) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
77) кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауларына заңсыз қазба жүргізу бойынша мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
78) тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуін барынша азайту және оларды жинау үшін белгіленген жерлерде орналастыруды не ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан өз бетінше әкетуді қамтамасыз етеді.».
2 2. «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә. Оңғарға жүктелсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістердің мәтіні
Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «__» _________
№ ____ қаулысына қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 24 наурыздағы
№ 427 қаулысымен бекітілген
«Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістердің мәтіні
«Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктері шегінде Шымкент қаласы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ирригациялық жүйелер салу, тұйықталған ирригациялық жүйелерді жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.»;
15-тармақта: